Ота жасалмақ: Индира Расылханның диагнозы белгілі болды
Отаға кіріп бара жатырмын деген Индира Расылханның диагнозы белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Белгілі әнші Индира Расылхан тыңдармандарын отаға кіріп барамын, дұға тілеңіздер деп шошытқан. Кеше ауруханаға шұғыл жеткізілген өнер иесіне әлі ота жасалмапты. Бұл әншінің өзіндік болжамы ғана көрінеді. Бұл ақпаратты Индира Расылханның көмекшісі растаған.
6 тамыз кешкі сағат 19:00 шамасында Алматыдағы ауыруханалардың біріне жедел жеткізілген Индира Расылханның қазіргі жағдайы қалыпты. Дәрігерлер консилиум өткізіп жатыр. Қазіргі таңда ота әлі жасалған жоқ. Индира Расылханның администраторының айтуынша өнер иесін іш құрылысындағы ауруы көп уақыттан бері мазалап жүрген. Сол ауруы асқынып, әнші ақ халаттылардың көмегіне жүгініпті.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Индира Расылханның ота жасатайын деп жатқаны туралы жазған болатынбыз.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"