Әли Оқапов өзінің әнін рұқсатсыз орындаған әншіні кешіре салды
Әли Оқапов өзінің «Жеңімпаз» атты жаңа әнін рұқсатсыз орындаған павлодарлық әншіге кешірім берді. Осылайша әнші мен Универсиада алауы эстафетасын Павлодар өңірінде ұйымдастырушылар тез арада татуласты.
Ән Универсиадаға арналған гала-концертте орындалған, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Әли Оқапов өзінің instagram-дағы парақшасында арнайы Универсиадаға арнап шығарған «Жеңімпаз» әнін орындаған жігіт туралы наразылығын білдірді.
«Тимур Көпжасаров атты біреу дәл қазір Павлодаржы Универсиада құрметіне өтіп жатқан ресми іс-шарада менің әнімді орындап жатыр. Мені ескертпестен осындай қадамға барған екен, мен де тиісті әрекетті жасаймын. Павлодар мәдениет басқармасы, Универсиада оргкомитеті сіздерден түсініктеме күтемін. Мен рұқсат берген емеспін», – дейді Оқапов.
Айта кетейік, аталған видеоны екі сағаттың ішінде 17 мың көрермен тамашалап үлгерген, 150-ге жуық пікір қалдырылған. Желі оқырмандарының пікірі екіге бөлінді. Кейбіреулер әннің тез арада танымал болып кеткені үшін Әлиге қуану керектігін айтты. Ендігілер Әлидің өзін Павлодарға шақырса, үшіншілер қатаң жазалау шарасын қолдады.
Әншінің директоры Ерлан Алимов екі жақтың келісімге келгенін айтып берді. Ал Әлидің өзі бірнеше сағаттан кейін видеоны парақшасынан өшіріп тастады.
«Олар бізге себебін түсіндірді, біз де қабыл алдық. Қазақпыз ғой», – дейді Алимов.
Жіберіп алмаңыз:
Қарақат Әбілдина пен Айнұр Тұрсынбаеваның балалары бірге ме? (фото)
Кәмшат Жолдыбаева желі оқырмандарын қырқыстырып қойды (фото)