Әли Оқапов: Индира шетелді жару керек, сонда ғана Қазақстанда жолы болады

Әли Оқапов Украинада бағын сынаған қазақстандық әнш Индира Еділбаеваға қатысты пікірін айтты. Еліміз дарынды жандарды бағалай алмайды. Тек шетелде оң баға алса ғана, жоғары көтереді. Оқаповтың пікірі осындай.

Әли Оқапов: Индира шетелді жару керек, сонда ғана Қазақстанда да жолы болады

Индира Еділбаева "Украина дауысы" жобасында өнер көрсетіп, тәлімгердің бәрін өзіне қаратқан еді. Әнші тәлімгері ретінде Дан Баланды таңдады. Сахнаға қайта оралған әншінің айы оңынан туып, жақсы бағаға ие болды, деп хабарлайды Shownews.kz.

Бүгінде елімізде ғана емес, ТМД жұртшылығына көз таныс. Енді сол елде жақсы нәтиже көрсетсе, елімізде де жолы болады дейді бұрынғы музыкалық продюсері Әли Оқапов. 

"Менің бағытым, жанрым, қазақ эстрадасы Индираға сай келмейді. Біз қанша уақыт бірлесе жұмыс істедік, бірақ кеш түсіндік бұны. Жұмысты тоқтатуды жөн деп шешті. Оған үміт арттым, бірақ ол сенбеді. Шыдай алмады. Мен сеніміздік білдіретін адаммен жұмыс істей алмаймын", - дейді әнші. 

Десе де, бұрынғы продюсер Индираның бағы жанғанын, жетіктікке жеткенін қалайды. Тіпті, реті келсе, Украинада қалып, өзін танытуға кеңес береді. Сонда ғана Қазақстанда жолы болады деген пікір айтты. 

Қазақстандық әнші қыз Индира Еділбаева Эрос Рамазоттидің әнін шырқап, тыңдармандардың да, әділқазылардың да оң бағасын алды. Келесі кезеңге жолдама алды. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр