"Әлі бір де бір ноутбук келген жоқ": Ақтөбелік оқушыларға компьютерді уақытылы жеткізбегендер сотта жауап береді
Ақтөбенің әкімдігі оқу басталғалы бір ай өтсе де мектеп оқушыларына уәде етілген техникаларды әлі күнге жеткізе алмай отырған компанияларды сотқа бермекші. Құны төрт миллиард теңге тұратын 22 мың дана компьютер мен ноутбук оқушыларға қыркүйектің 10-на дейін таратылып болуы керек болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "31" арнаның "Информбюро" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
Елімізде қашықтан оқыту үшін оқушыларға ноутбук пен компьютер сатып алуға бөлінген қаржы да аз емес. Тамыз айында 4 млрд теңгеге өткізілген тендерді 3 компания ұтып алған.
Олар Ақтөбе облысына 10-шы қыркүйекке дейін 22 мың техника әкелуі тиіс болған. Ал білім басқармасы сол техниканы тұрмысы төмен және көпбалалы отбасылардың балаларына тегін таратылатынын мәлімдеген.
Ал қазір 22 мың дана техниканың 19 мыңы әлі келмеген. Білім басқармасындағылар, тендер ұтып алған компаниялар "зауыт техника" шығармай жатыр деп сылтауратып жатқандарын айтты. Сондықтан, шарт бойынша уәдесінде тұрмағандар сот алдында жауап береді, дейді шенеуніктер.
"Қазіргі уақытта аудандық және қалалық білім бөлімдері сотқа арыз дайындап жатыр. Негізі 3 мердігер компаниямен келісім жасалды, қаламызға әлі бір де бір ноутбук келген жоқ", - деді Ақтөбе облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Марал Мыржықбаева.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
