Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алғашқы жыныстық қатынас қыздарға неге қиындық тудырады?

«Қыздық пердені» табиғаттың жасаған тартымды сыйы деп те айтып жатады. Ол – қыздың абыройы, қорғанышы. Сонымен қатар, дүниеге келгеннен бастап өзгермейтін, көлемін сақтап қалатын жалғыз орган болса керек. Маман Нұрия Мәжитқызы алғашқы жыныстық қатынастың не себепті қыздарға қиындық тудыратынын айтып берді.

Алғашқы жыныстық қатынас қыздарға неге қиындық тудырады?

Бұл туралы Anabol.kz басылымы хабарлайды.

Пішіні мен тесіктің мөлшеріне қарай жүзіктәріздес, жарты ай сияқты, түтік тәрізді, ерін сынды, білік тәріздес, кішкене бейнелі, соқыр тәріздес деп әр түрге бөлініп, түрлері, пішіндері, көлемдеріне сәйкес жыныстық қатынас барысында әркімге әртүрлі әсер етеді екен. Дегенмен, қыз баласы үшін «қыздықты» жоғалту – үлкен жауапкершілік, ең маңызды кезең. Ал оның ауыртпашылығы өз алдына. Алғашқы жыныстық қатынас қыз балаға неге қиындық тудырады? Бұл – кез-келген қыз-келіншіктің көкейінде жүрген, көпшілігін алаңдатар сұрақ. Сол себепті аталмыш сауал төңірегінде жоғары санатты гинеколог дәрігер, медицина ғылымдарының кандидаты  Байтурина Нұрия Мажитқызының пікіріне құлақ астық.

«Қыздық пердеден» айрылғанда қыз баланың ауыруы

Әйел затының қыздық жарғақшасында жүйкеге зиян келтіретін нерв клеткалары өмір сүреді. Алғашқы жыныстық қатынаста қыздық жарғақшасымен бірге нерв клеткалары да жарылып, қарқынды әсерін береді. Осының салдарынан қыз балаларға алғашқы жыныстық қатынаста қиын түседі және қатты ауырады.

«Қыздық перде» жарылған кезде қан болмауы

Алғашқы жыныстық қатынас барысында қыз бала да міндетті түрде қан ағуы керек. Бірақ, бүгінгі күні қан ақпай жататын жағдайларды да жиі кездестіреміз. Неліктен? Себебі, ол қыздық пердешенің созылуының салдарынан болады. Яғни, қыздық пердеше иілгіш, созылғыш және жіңішке. Және алғашқы жыныстық қатынас кезінде қан тамырлары жоқ орындарында жарылып кетуі әбден мүмкін. Бұл бір болса, екіншіден, қыз тұрмыс құрмай тұрып етеккірге арналған түрлі тампондар пайдаланса, кері әсерін береді. Демек, тампон құрғақ, кішкентай болғанда бірден кіріп кетеді. Ал қан толып кеткенде тампон ұлғая түседі, тампонды алған кезде әлсін-әлсін «қыздық пердеше» жыртыла бастайды. Осының салдарынан кейде қыздар қыздықтарынан айрылып жатады. Сондықтан, әйел болмай тұрып оны пайдаланудың қажеті жоқ.

Пәктік туралы ақылға қонымсыз 12 аңыз >>>

Үшіншіден, алғашқы жыныстық қатынастың қыздарға тудырар қиындығы

Қыз екенін білдіретін айрықша белгінің бар жоғын бақылаудан өткізуі. Айта кетерлік жайт, Өзбекстанда тұрмысқа шығатын қызды тексеретін арнайы комиссия құрылған екен. Ал Түркиядан бұл заңның жойылуын негізге алды. Өзбек елімен шекаралас жатқан өзіміздің Оңтүстік Қазақстан облысында да жаңа үйленген жас жұбайлар жатқан төсекті сыртқа іліп қоятын дәстүр әлі жойылмаған деседі. Бұл түрлі пікір мен көзқарастың тууына себеп. Бірінде мұндай салт бар, бірінде жоқ, бірінің санасына сіңіп, сақталып қалған, бірінде “сенімнің” барынан секемдік тумайды. Бастысы, тегінің тәрбиесі деп бағаланады, келген еліңнің абыройы болса керек.

 

Талқылау