Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алғашқылардың бірі болып екпе салдырған вице-министр жағдайы туралы айтты

ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі, еліміздің бас санитар дәрігері Ерлан Қиясов вакцинациядан кейінгі өз жағдайы туралы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

қиясов

"Ешқандай жайсыз жағдайды сезініп тұрған жоқпын. Вакцина салмас бұрын пациент алдымен тексеруден өтеді. Сонымен қатар, дене температурасы және қан қысымы тексеріледі. Және де вакцина салмай тұрып пациент барлық ақпараттармен хабардар етіледі және өз келісімін береді. Содан соң ғана вакцина егіледі. Коронавирусқа қарсы вакцина егу 2 кезеңнен тұрады. Бүгін бірінші дозасын салса, енді 21 күннен соң екінші дозасын салады. Вакцинаға қатысты жауапкершілік медициналық мекемеге жүктеледі. Егер жайсыз жағдай орын алған жағдайда денсаулық сақтау министрлігі әр жағдайды жеке қарастыратын болады. Ол үшін өңірлерде әрбір денсаулық сақтау басқармасының жанынан арнайы комиссия құрылып, жұмыс істейді", - деді Ерлан Қиясов. 

Еске салайық, бүгін елімізде жаппай вакцинация басталды. Ресейлік "Sputnik V" вакцинасын алғашқылардың бірі болып денсаулық сақтау вице-министрлері Ажар Ғиният пен Ерлан Қиясов салғызды. 

Талқылау