Алғашқы алтын: Санжар Тәшкенбай екі дүркін әлем чемпионы атанды

Фото: Ұлттық олимпиада комитеті
Қазақ боксшысы Санжар Тәшкенбай әлем чемпионы атанып, мансабында екінші рет "алтын" жеңіп алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ливерпульде өткен әлем чемпионатының финалында Тәшкенбай Моңғолия спортшысы Алдархишиг Баттулгыны айқын басымдықпен ұтты.
50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өткен жекпе-жекте қазақстандық боксшы үш раунд бойы қарсыласынан басым болды.
Айта кетейік, бұл – Тәшкенбайдың әлем біріншілігіндегі екінші жеңісі. Бұған дейін ол 2023 жылы Ташкентте өткен әлем чемпионатында алтын медаль иеленген еді.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген

