Алғаш рет Vogue журналының мұқабасына хиджаб киген қыздың суреті шықты
1916 жылы құрылған британдық Vogue журналының мұқабасына алғаш рет хиджаб киген модельдің суреті жарияланды. Мамыр айының шығарылымы үшін тоғыз модель таңдалды. Оның ішінде Ислам дінін ұстанатын кениялық 20 жастағы Халима Аден де бар.
Бұл туралы Independent хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.
Британдық Vogue журналының басты мұқабасына түсу үшін Аденмен бірге, Адут Акеч, Радхика Наир, Йен Йанг Бае, Фаретта, Фран Саммерс, Виттория Черетти, Палома Эльсессер және Селена Форрест қатысты.
Vogue журналының жаңа мұқабасына таң қалған Instagram пайдаланушылары, осыған қатысты пікір қалдырған. Бұл басылым бір күнде 27 мың пайдаланушыға ұнаған.
«Vogue-нің ең жақсы білетін нәрсені жасайтын уақыты келді. Болашақтың қалай болуы тиіс екенін көрсететін сәт келді. Бес жыл бұрын осы қыздардың топтық фотосуреті мұқабаға жарияланбаған еді. Дегенмен, соңғы айларда сән индустриясының ең үлкен жетістіктерінің бірі – менің өмірлік жұмысымның әртүрлілік екенін дәлелдеді », – дейді Британдық Vogue басылымының бас редакторы Эдвард Эннинфул.
Ганадан шыққан лондондық дизайнер Эдвард Энниньл 2017 жылдың сәуірінде британдық Vogue журналының бас редакторы лауазымын алды. Ол содан бері сән көрсетілімдеріне қара өңді модельдерді белсенді тартатын болды.
Оқи отырыңыз:
Актер өзімен аттас адамның билетін пайдаланып демалысқа ұшып кетті
Кемерово облысының губернаторы Аман Төлеев қызметінен кетті
Анасы өзін мас көршісінен құтқарып, комаға түсіп қалған ұлынан бас тартты