Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Кемерово облысының губернаторы Аман Төлеев қызметінен кетті

Кемерово облысының губернаторы Аман Төлеев мерзімінен бұрын өз еркімен қызметтен кету туралы өтініш жазды. Аталмыш арыз Ресей федерациясының президенті Владимир Путинге тапсырылды.

Бұл туралы ТАСС хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

73 жастағы Аман Төлеев Кемероводағы қайғылы оқиғадан кейін ең дұрыс шешім осы екенін айтты.

«Бұл шешім өзім үшін дұрыс деп есептеймін. Сарапқа салынған, ең әділ шешім. Себебі, осындай ауыр жүкпен губернатор болуы моральдық тұрғыдан мүмкін емес», – деді Аман Төлеев.

«25 наурыз күні Кемероводағы сауда орталығында болған қайғылы оқиғаға қабырғамыз қайысып, аза тұтып отырмыз. Жантүршігерлік өртте 64 адамнан айырылып қалдық. Ең жаманы олардың көпшілігі – балалар, біздің балаларымыз. Әрқайсымыз осы ауыр қайғыны жүрегімізден өткіздік», – дейді Аман Төлеев.

Сондай-ақ, осы жағдай жүрегіне қатты батқан губернатор қолынан келгеннің бәрін істегенін де айта кетті.

«Қолымнан келгеннің бәрін істедім. Көмек көрсету мәселелерін шешуге тырыстым. Үлкен қайғыға тағы бір рет ортақтастық білдіремін. Дегенмен, өмір сүру керек, марқұмдарды есімін жадымызда сақтау үшін өмір сүру керек», – деді губернатор.

«Құдай алдындағы адалдығыммен бөлісейін. Өз қызметімде әрқашан елдің, Ресейдің мүддесін, облыстың мүддесін ойладым. Баршаңызға үнемі, қуанышышта да, қайғыда да бірге болғандықтарыңыз үшін тағы бір рахмет айтамын. Тағзымымды қабыл алғайсыздар!», – деді Аман Төлеев.

Оқи отырыңыз:

Анасы өзін мас көршісінен құтқарып, комаға түсіп қалған ұлынан бас тартты

Кемероводағы қайғылы жағдайда отбасынан айырылған ер адам өрт басталған кезде түсірілген видеоны жариялады

Балалар есіктің артында қалды: «Зимняя вишня» кинозалының есігін жапқан ер адам өртте қыздарынан айырылды

Жерде пайда болған жарықшақтан Африка контитенті екіге бөлінуі мүмкін

Талқылау