Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Анасы өзін мас көршісінен құтқарып, комаға түсіп қалған ұлынан бас тартты

«Андрей Малахов қонақтары тікелей эфирінде» Северодвинскіде болған қайғылы оқиға талқылады. Ішімдікке мас болған Ваня Крапивиннің көршісі баланың анасына пышақ ала жүгірген. Бала мас көршісінің шабуылынан анасын құтқармақшы болып, басынан үш рет соққы алған. Ваня осыдан кейін комаға түскен.

Сонымен қатар, баланың маңдайы жоқ екен. Көздері кіріп кеткен жасөспірімнің миының бір бөлігі жұмыс істемей қалған. Қазір бала ағасы, апасы және Северодвинск тұрғындарының қамқорлығында. Бірақ батыл бала анасына мүлде керек болмай қалды. Тасжүрек ана науқас баласы ауруханаға түскелі оған бір ретте бармаған. Бұл туралы Россия 1 арнасындағы «Андрей Малахов, тікелей эфир» бағдарламасында хабарланды, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Қоныс аудару бағдарламасы бойынша көшіп келген Ваняның анасының төрт бөлмелі пәтерінде қылмыскерлер тұрған. Бұдан басқа, бұл жөнінде муниципалды тұрғын үй басқармасы білген. Оның үстіне баланың анасы бірнеше рет көшуге рұқсат алмақшы болып сол басқармаға барған.

Қайғылы оқиға күні Ваняның анасы қатты мас болған. Ол 27 пышақ жарақатын, сондай-ақ басынан қатты соққы алған. Әйелдің есінде ештеңе қалмаған, бірақ оған ұлының ерлігі туралы ауруханада хабарланған.

Крапивиндердің көршісіне қатысты сот процесі болды. Кінәлі деп танылған Роман Пронин 14 жылға бас бостандығынан айырылды. Қылмыскер жазасын арнайы режимдегі түзеу колониясында өтейтін болады. Ал Ваняның анасы ата-ана құқығынан айырылды. Баланың  уақытша қамқоршысы болып оның ағасы Илья Крапивин тағайындалды.

Қазір Ваня Крапивин Санкт-Петербург қаласының ауруханасында жатыр. Оның жағдайы тұрақты деп бағаланып, бас сүйекті  қалпына келтіру отасына дайындап жатыр.

Баламен бірге ағасы Илья мен оның әйелі Анастасия да Петербургке көшіп барды. Илья бір жыл бүрын әскерде қызмет етіп жүрген. Ал оқиға туралы психологтан білген.  Жігітті үйге жібермеген соң, ол әскер қатарынан ерте шығып кеткен. Сондай-ақ, Ильяның тағы бір інісі бар, қазір балалар үйінде тәрбиеленіп жатыр.

Оқи отырыңыз:

Кемероводағы қайғылы жағдайда отбасынан айырылған ер адам өрт басталған кезде түсірілген видеоны жариялады

Балалар есіктің артында қалды: «Зимняя вишня» кинозалының есігін жапқан ер адам өртте қыздарынан айырылды

Жерде пайда болған жарықшақтан Африка контитенті екіге бөлінуі мүмкін

Жыныстық дау-жанжалға қатысты айыпталғандар өздеріне жала жапқан жігіттің үстінен арызданды

Талқылау