Алғаш рет әйел футболдан ерлер арасындағы әлем чемпионатында бас төреші болады
Стефани Фраппар футболдан ерлер арасындағы әлем чемпионатында бас төреші болатын алғашқы әйел болмақ деп Stan.kz ақпарат агенттігі Championat.com хабарына сүйене отырып.
rt.com
Француз топтық кезеңнің 3-турында өтетін Германия-Коста-Рика матчына төрелік етпек. Ойын 1 желтоқсанда өтеді. Кездесудің қосалқы төрешілері де әйел болады. Олар – Мексиканың Карен Диасы мен Бразилияның Неуза Бакк.
Басылымға сенсек, Фраппар 2019 жылы УЕФА-ның Суперкубогына таласқан “Ливерпуль” мен “Челси” матчында бас төреші болған. Оған дейін бұрын-соңды УЕФА-ның ерлер арасында өткізген матчында әйел төрелік етпеген.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”