Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алғабастағы өрттен зардап шеккен науқас тікұшақпен Шымкентке жеткізілді

Алғабастағы өрттен зардап шеккен науқас тікұшақпен Шымкентке жеткізілді

Фото: Видеодан скрин

Алғабас ауылында болған өрттен зардап шеккен 39 жастағы ер адамды Төтенше жағдайлар министрлігінің тікұшағы Шымкентке жеткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Науқас гипербариялық оксигенация орталығына жеткізілді.

“Тасымалдау қажет болды, себебі Түркістан облыстық ауруханасы Шымкентте орналасқан, ал Жетісай ауданында шұғыл көмек көрсетуге қажетті мамандандырылған жабдықтар жеткіліксіз. Экипаж санитарлық рейсті сәтті орындап, жарақаттанған адамды Шымкенттегі гипербариялық оксигенация орталығына жеткізді”, – делінген Түркістан облысының төтенше жағдай департаменті.

Тікұшақ қонғаннан кейін зардап шеккен адам арнайы мамандандырылған медицина қызметкерлерінің бақылауына берілді.


Түркістан облысындағы өрт кезінде 12 адам терезедегі тордың кесірінен шыға алмай қалған


Түркістан облысындағы өрт: Аман қалған үш адамның бірі есін жиды


Еске салсақ, 18 қарашада таңертең Алғабас ауылындағы екі қабатты жеке үйден 12 адамның мәйіті табылып, тағы үш адам ауруханаға жеткізілген. Артынша қаза тапқан12 адамның жаназасы шығарылған еді. 

Айым Болатқызы
Бейсенбі, 20 Қараша, 2025 08:21
Талқылау