Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Альфа-Банк Қазақстан: Біз сенімділік сынағынан сәтті өттік

Альфа-Банк Қазақстан соңғы оқиғаларға байланысты клиенттер ағымын жіті бақылап отыр. Бұл ABH Holdings S. A. халықаралық холдингтік тобына кіретін банктің штаб-пәтері саяси оқиғалардан тыс Люксембургте орналасуымен байланысты. 

"Батыс елдерінің Михаил Фридман мен Петр Авенге қарсы салған санкцияларының біздің банкке ешқандай қатысы жоқ. Бұл шектеулер Альфа-Банктің операциялық қызметіне әсер етпейді. Холдингтің бенефициарлары арасында тек Авен мен Фридман ғана емес, сонымен қатар UniCredit Еуропалық банк тобы, сондай-ақ АҚШ-та тіркелген TMFСR қатерлі ісікті зерттеу жөніндегі халықаралық компания бар. Альфа-Банктегі Қазақстан клиенттерінің қаражаты сақтаулы және мемлекетпен кепілдендірілген. Аталмыш жағдай клиенттердің сенімін одан сайын арттырды. Берілген сынақтан Альфа-Банк Қазақстан сәтті өтті", - деп мәлімдеді Альфа-Банк Қазақстан Бас басқарушы директоры Андрей Тимченко.

Банк әлемде болып жатқан жағдайды мұқият бақылауда. Сонымен қатар нарықтағы жағдайға қарамастан банктің үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар шараларды дайындады. Мәселен, банк SWIFT бұғатталған жағдайда болатын тәуекелдерден сенімді қорғалған. Өйткені ол Қаржы деректерін алмасу жүйесінің (СПФС) құрамына кіреді. Ресей Федерациясы SWIFT-тен ажыратылған жағдайда, банк арқылы аударымдарды жүзеге асырады. Халықаралық аударымдар бойынша Visa және Mastercard карталарымен төлем жасау қолжетімді болып қалады.

Альфа-Банк Қазақстан еліміздің нарығында 27 жылдан астам уақыт бойы келе жатыр. 2022 жылдың басында S&P және Fitch Ratings беделді рейтингтік агенттіктері Банктің сенімділік рейтингін растады. Банктің жоғары рентабельділікпен және капиталдың едәуір қорымен нығайтылған тұрақты даму моделі, өтімділік пен шетел валютасының жеткілікті қоры бар. Банктің өтімділігі Ресейден алынған қарызға емес, ішкі қорландыру арқылы қалыптасады. Бұл банк клиенттері өз қаражатын шектеусіз стандартты режимде пайдалана алады дегенді білдіреді. Айырбастауға келетін болсақ, Қазақстанның барлық банктері үшін оның қолжетімділігі валюта биржасының жұмыс уақытына байланысты болады. 

ҚР  ҚНРДА берген 03.02.2020 ж. 1.2.61/237 лицензия.

Айнұр Мұхади
Сейсенбі, 01 Наурыз, 2022 17:03
Талқылау