Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әлеуметтік желіден өзі жайлы видеоны көрген 10 жасар қыз өзіне қол жұмсады

АҚШ-та 5-сынып оқушысы Ашаунти Дэвисті сыныптасы балалардың көзінше ұрып-соғып, мазақ еткен. Бұл сәтті оқушылар видеоға түсіріп алған екен. Сыныптастары видеоны желіде жарияланғаннан кейін Ашаунти өзіне қол жұмсады.

Бұл туралы Daily Mail хабарлайды.

АҚШ-тың Колорадо штатының 10 жасар тұрғыны видео жарияланғаннан кейін 2 апта өткен соң суицид жасаған. Ашаунтидің анасының айтуынша,  қызы видеоны көргеннен кейін күйзеліске түскен.

«Ашаунти мүлдем өзгеріп кетті. Оның бойынан қорқынышты байқадым», — дейді қыздың анасы Латошиа Харрис.

Ашаунтидің ата-анасы дереу дәрігерлерді шақыртып, қыз Колорадо балалар ауруханасына жеткізіліпті. Десе де дәрігерлер оны аман алып қала алмады.

Қызды келемеждеген оқушылар кәмелет жасқа толмағандықтан, қыздың әке-шешесі өзге ата-аналарды балаларын жүгенсіз жібермеуге шақырды.

Мектеп әкімшілігі Ашаунтидің отбасына көңіл айтқан. Олар видеожазба сабақтан тыс уақытта түсірілгендіктен, ешқандай жауапкершілік алмайтындарын жеткізді.

Оқи отырыңыз:

Ер адам жерге құлап қалған баланы аяусыз теуіп жіберген видео көпшілікті ашуландырды (видео)

Үндістанда өлі туған сәби кремация алдында тіріліп кетті

Танымал фотосуретші ерекше суреттер түсіру үшін бір ауылды өртеп жіберді (фото)

Үндістанда полиция аяғынан жағымсыз иіс шыққан тұрғынды тұтқындады

Талқылау