Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 18 жастағы жігіт жұмбақ жағдайда қайтыс болды

Алматы облысында 18 жастағы азамат жұмбақ жағдайда қайтыс болды. Сәуірдің бірінен екісіне қараған түні досының үйіне қонуға кетіп, сол күйі өлі денесін туыстары мәйітханадан бірақ алған Жандос Мырзабаевты бүгін жақындары ақтық сапарға шығарып салды.

20170405182705

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Денесінің 90 пайызын күйік шалып, қайтыс болған марқұмның туыстары ұлымыз – өз достарының қолынан өлуі мүмкін деп күмәнданып отыр.

Екі айдан соң, колледж бітіріп, әскерге барамын деп жоспарлап жүрген  ұлдарын Мырзабаевтар отбасы бүгін жер қойнына тапсырды. Үйінің үлкені, 18 жастағы Жандос Мырзабаевты жақындары соңғы рет бірінші сәуір күні кешкісін көрген. Досының үйіне қонуға кеткен күйі ұлдары қайтып оралмаған. Және қаралы хабарды оқиға болған күннің ертеңінде түске жақын бірақ естіген.

“Таңертеңгісін барсақ, үш досы да ұйықтап жатыр. Неге жатырсыңдар, неге өрт болғанда  неге келмедіңдер десек, біз шок болдық дейді”, – дейді Жандостың нағашы әпкесі Нұрсәуле Күлманова.

Сол күні Жандостың жанында болған достары, марқұмның бензин иіскеймін деп жанып кеткенін айтқан. Бірақ өрттің қалай тұтанғанына қатысты түрлі жауаптар айтады дейді Жандостың жақындары. Оқиға орнына алдымен жедел жәрдем көлігі, артынша полиция келіп, хаттама толтырған. Куәгерлерден сұрау алынып, Жандостың денесін мәйітханаға алып кеткен. Бірақ оқиға болған жерден екі көше ғана төмен тұратын марқұмның туыстарына хабар берілмеген.

“Не үшін айтпаған бұлар, менің баламды өздері өлтіріп, ертесіне дейін ретке келтіріп, одан кейін ғана айтып тұрған шығар деген менде күдік бар”, – дейді Жандостың анасы Райхан Күлманова.

Денесінің тоқсан пайызын күйік шалды деп, беті ғана көрініп, аққа оралған ұлдарын  мәйітханадан алған марқұмның туыстарында күдік көп.

“Жаңа медсестраның айтуы, апа мен шындықты айтайын дейді. Барсам, баланы аударсам деді, кішкене ғана бір шарпып өткен от бар дейді үстінде. Болғаны дейді. Жанған онша несі жоқ дейді”, – дейді Жандостың әжесі Бақыт Сапарбаева.

Ал, бұл кісі Жандос  қонуға кеткен досының анасы, оқиға болған күні үйінде болыпты. “Хабар бермесін” деп тергеушілер айтты деп отыр. Өрттің себебін былай түсіндіреді.

“Қайдан от тұтанған дейді балаңыз? Газдан шыққан ғой. Құлап кеткен ғой миы айналып. Сондай болу керек.  – Ей, кеше ментке бардық қой, миы таза деді. Ештеңе жұтпаған угар газа деді. Сен газ шығарғансың үйіңнен”, – дейді оқиға болған үйдің иесі Гүлзия Есжанова.

Бұл жағдайға қатысты Іле аудандық ІІБ қылмыстық кодекстің 105 бабы, яғни адамды өзін-өзі өлтіруге мәжбүрлеу бабы бойынша іс қозғапты. Қылмыстық істі алғашқы күннен аудандық прокуратура да назарына алған.

“Бүгінгі күнге алдын-ала тергеу амалдары жүріп жатыр. Сот медициналық сараптама тағайындалды. Және өрт техникалық сараптама тағайындалды”, – Іле ауданының прокуроры Мәди Сәрпеков.

Бұл істе күдіктілер жоқ. Куәгерлер бар. Жандостың екі досы куәгер ретінде тартылыпты. Ал, жұмбақ өлімнің нақты себебі сот медициналық сараптамасы мен өрт қауіпсіздігіне қатысты тағайындалған сараптама қорытындысы дайын болғаннан кейін ғана белгілі болмақ. Ал, ол құжаттар тек бір айдан кейін ғана әзір болады екен.

Жіберіп алмаңыз:

БҚО-да ер адам 6 жастағы балаларға азғындық әрекет жасаған

Қарағандыда әйел көңілдесімен бірге өзінің екі жасар қызын ұрып өлтірді

Өскеменде азаптап өлтірілген ағайындылардың анасы болған жайтты баяндап берді

Талқылау