Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Лайк үшін халықты алдаған: Жарты жыл сән-салтанатпен өмір сүрген қазақстандық 3 жылға сотталды

Әлеуметтік желіде танымал болу үшін қылмысқа барғанФото: AI

Астана тұрғыны 8 миллион теңге шығын келтірген алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Сотталушының айтуынша, ол бұл қылмысқа әлеуметтік желіде танымал болу үшін барған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Прокуратураның мәліметінше, күдікті 5 ай бойы достарымен бес жұлдызды қонақүй бөлмелерінде тұрып, қымбат мейрамханаларда кешкі ас ішіп, дәмді тағамдарға тапсырыс беріп, элиталық ерлер киім дүкендерінен киім-кешек сатып алып, банк атынан расталмаған төлем құжаттарын берген. Жәбірленушілер төлем құжаттарының түпнұсқасын тексермей, оған тауарлар мен қызметтерді көрсеткен. Сотталушы төлем құжаттарын банктік қосымша арқылы жіберген, бірақ шотта қаражат болмаған.

Алаяқ қонақүйде бөлмелерді брондап, бірнеше күн бойы достарымен бірге тамақ пен сусынға тапсырыс беріп, тұрақтаған. Оның қылмыстық әрекеттерінің нәтижесінде жәбірленушіге 4,4 млн теңге көлемінде материалдық шығын келтірілген.

Ақшаның түспегенін білген жәбірленушілер құқық қорғау органдарына хабарласқан.

“Сотталушы өз кінәсін толық мойындап, алаяқтыққа әлеуметтік желілерде танымал болу үшін барғанын, ол жерде өзін табысты кәсіпкер ретінде көрсетіп, суретін жариялағанын көрсетті. Келтірілген шығынның жалпы сомасы 8 млн теңгеден астам. Сотталушы 3 жылға бас бостандығынан айырылды. Келтірілген материалдық шығын өндірілді”, – делінген хабарламада.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Дана Русланқызы
Сәрсенбі, 20 Тамыз, 2025 19:31
Талқылау