Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Instagram желіcінде лотерея ұйымдастырып, көлік ойнатқан блогер айыппұл арқалады

Алматы облысында әлеуметтік желіде заңсыз лотерея ойнатқан қолданушыға айыппұл салынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Pixabay.com

Алматы облысының Балқаш аудандық сотында Н-ға қатысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 445-1-бабы “Лотереялар және лотерея қызметі туралы заңнамасын бұзу” бойынша іс қаралды.

Шілдеде Н өзінің Instagram парақшасында заңсыз лотерея ұйымдастырып, "Jetour" маркалы автокөлігін ойнатқан. Ол лотереяға қатысу үшін 1 билетті 200 теңгеге сатқан. Яғни оның жеке банктік шотына аудару қажет болған.



Н лотерея операторы болып саналмайтындықтан, лотерея ұйымдастыра алмайды. Оның кінәсі Instagram парақшасының скриншоттары және істің басқа да материалдарымен расталды.

“Сот Н-ны әкімшілік құқы бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, оған 100 АЕК, яғни 369 200 теңге көлемінде айыппұл түрінде жаза тағайындады”, – деп мәлімдеді Алматы облыстық соттың баспасөз қызметі.

Қырмызы Скендирова
Сейсенбі, 22 Қазан, 2024 13:17
Талқылау