Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әлеуметтік желіде Қарағандыда болған атыстың видеосы тарады

Қарағандыда әлдебіреулердің арасында болған атыс видеоға түсіп қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Көшедегі бейнебақылау камераларынан түсіп қалған атыстың видеосы әлеуметтік желілерде тарады. Оқиға қаланың оңтүстік-шығысындағы Тәттімбет көшесінде орын алған. 

Бейнежазбада "ВАЗ 2114" автокөлігінде болған шабуылдаушылар "BMW X6" көлігіне оқ ата бастағаны көрінеді. Бұған қоса "ВАЗ 2114" жүргізушісі өтіп бара жатқан көлікті соғып өтіп , тұрақтаан жолға шығып, ізін суытпақ болған. Осы кезде екінші көлік жүргізушісі кері бұрылып, шабуылдаушыларды қуа жөнеледі.

Еске салсақ, бұған дейін қылмыскерлерді ұстау кезінде полиция қызметкері жарақат алғаны айтылған болатын. Тәртіп сақшылары 27 жастағы күдікті ұстап, тергеу үстінде. 

Талқылау