Әлеуметтік желі арқылы дауыс беру Димаштың байқаудағы нәтижесіне әсер етпейді
Тыңдармандар әлеуметтік желі арқылы Singer жобасының жартылай финалында өнер көрсеткен әншілерге дауыс беруде. Жоба шарты бойынша, әр апта сайын жанкүйерлер сайыс нәтижесін осындай жолмен талқылайды. Ол Димаштың «Singer» байқауындағы нәтижелеріне әсер етпейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Жоба талаптарына сәйкес, Singer қатысушыларының өнерін түсірілім кезінде залда отырған 500 көрермен шешеді. Олар өздері үздік деп санаған әншіге дауыс беріп, соңында жеңімпаз бен жобадан шығатын бір қатысушыны анықтайды.
Дәл қазір Димаштың жартылай финалда көрсеткен өнеріне дауыс беру жүріп жатыр. Дауыс беріп үлгермесеңіз, мына сілтеменің үстінен басып, Димашқа қолдау көрсетуіңізге болады.
Бұл жолы тыңдармандар ерекше белсенділік танытуда. Әзірге Димаш 87,7 миллион дауыспен екінші орында тұрса, бірінші орын 138,6 миллион дауыс жинаған қытай әншісінің еншісінде.
Ғаламтор желісінде жүріп жатқан бұл дауыс беру Димаштың сайыстағы нәтижесіне әсер етпейді. Тек тыңдарманның көзқарасын, талғамын анықтайды.
Есте болса, өткен сенбіде Hunan TV арнасынан Singer-дің жартылай финалы көрсетілді. Димаш итальяндық әнші әрі музыкант Адриано Челентаноның «Confessa» әні мен «5-элемент» киносының «The diva dance» ариясын қоса шырқады. Singer-дің жеңімпазы 15 сәуірде тікелей эфирде белгілі болмақ. Димаш ақтық сында қытайлық әнші Шаң Венжемен дуэт айтады. Жеңімпазға «Патша әнші» атағы беріледі.
Жіберіп алмаңыз:
Қуан қазақ! Димаш “Халықаралық деңгейдегі танымал әнші” атанды (видео)
Қытайлық жанкүйерлер Димашқа ерекше сый жасады
Жұбайларын бейнебаянға түсірген жұлдыздар кімдер? (фото, видео)
Қайрат Түнтеков: Барлығын тастап Қазақстаннан кеткім келді (видео)