Медициналық сақтандыру қорының төрағасы қызметінен кетті

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының (ӘМСҚ) төрағасы Айдын Құлсейітов қызметінен кетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қор төрағасының қызметінен кеткені туралы ақпаратты денсаулық сақтау министрлігі растады.
“Жалғыз акционердің шешімімен 2025 жылдың 1 желтоқсанындағы жағдай бойынша “ӘМСҚ” КЕАҚ басқарма төрағасы Айдын Құлсейітовтің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды”, – делінген министрлік хабарламасында.
Қазақстандықтар МӘМС жарналарын міндетті емес, ерікті етуді талап етіп, петиция жариялады
Айта кетейік, медициналық сақтандыру қорының жалғыз акционері – Денсаулық сақтау министрлігі. Қордың жаңа басшысы кім болатыны әзірге белгісіз.
Еске салсақ, Айдын Құлсейітов бұл қызметке 2025 жылдың сәуірінде тағайындалған еді.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"Авиаотын бағасын көтеріп, қауіпсіздік талабын орындамау": Қазақстандық әуежайларға неге жаппай айыппұл салынды
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан