Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басшысы Әбілқайыр Сқақов қызметінен кетті

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының (МӘМС) басқарма төрағасы Әбілқайыр Сқақов қызметінен кетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: gov.kz

Қордың баспасөз қызметі ақпаратты растап, Сқақовтың өз еркімен қызметінен кеткенін атап өтті.

Әбілқайыр Сқақов 1974 жылы Павлодар облысында дүниеге келген. Экономика және қаржы, құқық, бизнесті басқару магистрі мамандықтары бойынша үш жоғары білімі бар.

Әбілқайыр Сқақов мемлекеттік қызметке 1995 жылы кіріскен. Ол 1995 жылдан 2012 жылға дейін Павлодар және Қостанай облыстарының салық органдарында жұмыс істеген.


3 млрд теңге жетіспейді: Медициналық сақтандыру қоры комиссиялық мөлшерлемені арттырмақ


2012-2016 жылдары қаржы министрлігі жүйесінде, оның ішінде Астана қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментін басқарған. Әбілқайыр Сқақов 2016-2019 жылдар аралығында Қорғаныс министрлігінде вице-министр лауазымында қаржы-экономикалық мәселелерге жетекшілік етті. Одан кейін Қаржы мониторингі комитетін басқарды. 2020-2022 жылдары – Павлодар облысының әкімі қызметін атқарды.

Әбілқайыр Сқақов әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басқарма төрағасы қызметіне 2023 жылдың қыркүйегінде тағайындалған еді. 

Талқылау