"Басшылардың жалақысы 850 мыңнан басталады": Медициналық сақтандыру қорындағы жалақы мөлшері белгілі болды
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры қызметкерлерінің орташа айлық жалақысы 282 550 теңгені немесе шамамен 670 долларды құрайды. Бұл туралы сақтандыру қорының баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Қор қызметкерлерге еңбекақы төлеу және сыйақы ережелеріне сәйкес лауазымдық жалақыға үстеме ақылар қарастырылмағанын баса айтты.
ҚР Ұлттық экономика министрлігі статистика комитетінің мәліметінше, қаржылық және сақтандыру қызметінде 2020 жылы орташа айлық жалақы 386800 теңгені немесе шамамен 920 долларды құрайды.
Әлеуметтік сақтандыру қорының қызметкерлеріне 2020 жылға жалақы төлеуге 5,7 миллиард теңге немесе 13,5 миллион доллар қарастырады.
"Сонымен бірге, қордың жаңа басшылығының шешіміне сәйкес персоналды ұстауға жұмсалатын шығындарды оңтайландыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Сондай-ақ қордың ұйымдық құрылымына функционалдық талдау жасалынуда. Бірінші кезеңде еңбек шығындары 119 млн. теңгеге азайтылуы керек", - деп еске салды әлеуметтік сақтандыру қорының баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, PR шығындары - 102 миллион теңге, IT қызметтері - 180 миллион теңге, кеңсе кеңістігін жалға беру - 95 миллион теңге, іс-сапар шығындары - 100 миллион теңге, баспа қызметтері - 31 миллион теңгеге қысқартылған.
"Штат кестесіне сәйкес, басқарма мүшелерінің, оның ішінде басқарма төрағасының жалақысы салық шегерімдерін есептемегенде 850 000 теңгеден басталады", - дейді қор.
Баспасөз қызметі басқа қызметкерлеріне қатысты да ақпарат берді. Менеджер лауазымына жалақы 170 000 теңгеден немесе 400 доллардан асады, аға менеджер 250 000 теңгеден немесе 600 доллардан алады.

Қазақстандық блогерлер "лотереяға" тыйым салатын заңды айналып өтудің жолын тапты
