Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әлемдік нарықта  мұнай бағасы қымбаттай бастады

Brent маркалы шикізат мұндай бағаға 1 жылдан бері мұндай бағаға көтерілмеген,-депжазды КТК арнасы.

Оның баррелі 59 доллар 39 центтен саудаланса, WTI-дың құны 52 доллардан асқан. Сарапшылар бұған ОПЕК-тегі жаңалықтардың еш қатысы жоқ дейді. Мұнай құнына оң әсер еткен еуропалық орталық банктің еуроаймақтағы қаржы ұйымдарына пайызсыз несие беру уақытын тағы 2 жылға ұзартуы.

Ал, қара алтынның қымбаттауы біздің экономикамыз үшін тиімді болуы тиіс. Бірақ, мұнай құнының көтерілгені сол екен, бүгін теңге, керісінше, әлсіреп кетті. Қор биржасындағы таңғы саудадан кейін, 1 доллар 334 теңгеге тең болды. Ал, кеше теңге бағамы 333-ті құраған. Дәл қазір ақша айырбастау орындарында Ұлттық валютамыздың АҚШ ақшасына қатысты бағамы 335 болып тұр.

Оқи отырыңыз:

Францияда баласына Жиһад деген есім берген ата-ана сотта жауап бермек

Собчак Қырымды Украинаның жері деп атады

Студент қыз түнгі клубта секспен айналысқан видеосы тарап кеткен соң оқудан шығуға арыз түсірді

Талқылау