Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әлемдегі ең қарт әйел қайтыс болды

Италияда Жер бетіндегі жасы ең үлкен 118 жастағы әйел Эмма Морано қайтыс болды. Дәлірек айтсақ, ол 117 жастан 118 жасқа қадам басқан еді.

photo_212835

Бұл туралы La Repubblica басылымы хабарлайды.

Мораноның қайтыс болғаны туралы ақпаратты оның туысқандары растады. Ол жастығын сақтап қалу үшін күнделікті 3 жұмыртқа және көбірек ет жеген екен. Мұнымен қатар, туыстарының айтуынша, бұған жалқыздық та септігін тигізген.

Морано өткен жылы Нью-Йоркте қайтыс болған Сузанна Мушатт Джонс есімді әйелдің орнын басқан-ды. Осы уақытқа дейін жер бетіндегі ең қартаң әйел Сузанна болып есептелген. 2016 жылы 120 жастағы қытайлық Фу Суцин қайтыс болған-ды.


Жіберіп алмаңыз:

Перуашев: Біз ипотека алуға мүмкіндігі жоқ жастарға арнап жатақхана салуды ұсындық

Алматы облысында ер адам 8 жастағы қызды зорлап оны таспен ұрған

Шетелдікпен некелескен Қазақстан азаматтарына жер беруге тыйым салынады

Әкімбай қария Астанадағы қарттар үйіне келінімен сыйыспай келгенін айтты

STAN.KZ
Жексенбі, 16 Сәуір, 2017 07:22
Талқылау