Әлемдегі ең кәрі ер адам қайтыс болды
Испанияда тұратын әлемдегі ең кәрі ер адам 113 жасында қайтыс болды.
Испаниялық Франсиско Нуньес Оливера 1904 жылдың 13 қаңтарында дүниеге келген. 1925 жылы әскерге Отан алдындағы борышын өтеуге барып, Испан-франко-мароккалық соғыс пен азаматтық соғысқа қатысты. Кейін туған қаласына оралған ол ауыл шаруашылығымен айналысқан.
Франсисконың жұбайы 1988 жылы көз жұмған. Әлемдегі ең кәрі ер адамның 4 баласы, 9 немересі мен 15 шөбересі болған.
Осыған дейін әлемдегі ең кәрі ер адам атанған Хайфа тұрғыны Исраэль Криштал өткен жылдың жазында 114 жасына қараған шақта қайтыс болғаннан кейін бұл атақ Франсискоға бұйырған еді.
Ал әлемдегі ең кәрі адам – жапондық Наби Тадзима. Ол 1900 жылдың 4 тамызында дүниеге келген.
Тағы оқыңыз:
Әйгілі Нокиа “кірпіш” қайта сатылымға шықты
Головкин мен Альварестің екінші жекпе-жегі ресми түрде мәлімденді
Семейде 21 жастағы жігіт үш сәбиді өлімнен құтқарып қалды
Семейде 12 жастағы қыз рак ауруына шалдығып, төсек тартып жатыр