Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әйгілі Нокиа “кірпіш” қайта сатылымға шықты

Нокиа “кірпіш” қайта сатылымға шықты.2017 жылмен салыстырғанда, телефонның сыртқы пішіні үлкейтілген.

Ал басқа бөлігі өзгеріссіз қалды: экраны 2,4 дюйм, 320х240 пиксел, Micro-SIM карта салынады, қосымша картаның жады – 64 гигабайт, ал өзінің жады 256 немесе 512 мегабайт.Аккумуляторы 5 сағат үздіксіз және 12 сағат күту режимінде жұмыс істейді, деп хабарлайды baq.kz.

Мұндай телефондар тек Қытайда сатылатын. Әзірге оның бағасы айтылмады. Барселонада ақпан айының соңында өтетін MWC 2018 көрмесінде HMD Global осы телефондардың сатылымы туралы хабарлайды деген болжам бар.

Nokia 3310 2000 жылдың соңғы айларында шықты. Сол уақыттан бері аталған ұялы телефонның 126 миллионы сатылды.

Тағы да оқыңыз:

Головкин мен Альварестің екінші жекпе-жегі ресми түрде мәлімденді

Семейде 21 жастағы жігіт үш сәбиді өлімнен құтқарып қалды

Семейде 12 жастағы қыз рак ауруына шалдығып, төсек тартып жатыр

Талқылау