Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әлемде коронавируспен ауру көрсеткіші тұрақтанды – ДДСҰ

Әлемде коронавирустық инфекцияның ең жоғары таралу кезеңі артта қалды, алайда COVID-19 таралуына байланысты жағдай әлі де алаңдаушылық туғызып тұрғанын мәлімдеді Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сарапшысы Мария ван Керкхов. Бұл жайында Stan.kz ақпарат агенттігі ұйымның сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

ДДСҰ ұйымы коронавирустың әлі де үлкен қауіп пен әлеуетке ие екенін баса айтты. Керкховтың айтуынша, аурулардың саны азайғанына қарамастан, апта сайын 4,5 миллионға жуық инфекция тіркелуі анықталады. Сонымен бірге қайтыс болғандардың саны аптасына шамамен 68 мыңды құрайды.

"Біз дүниежүзілік жағдай бойынша ауру шыңында тұрмыз және бұл шың шынымен де жоғары деңгейде. Апта сайын 4,4 -4,5 миллион жағдай тіркеледі. Әрине, бұл нақты жағдайлардың санынан әлдеқайда аз көрсеткіш", – делінген мәлімдемеде.


Ғалымдар адамның коронавирус жұқтырғанын 30 минутта анықтайтын құрылғы ойлап тапты


Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы өткен аптада Колумбияда 2021 жылдың қаңтарында табылған В.1621 деп аталатын Mu нұсқасын мұқият бақылауға алғанын хабарлаған. Бұл ұйым бүкіл әлем бойынша бақылауға алған бес "қызығушылық нүктелерінің" бірі. 

Сонымен қатар ДДСҰ өкілі "әр аймақтарда жағдайдың әртүрлі" екенін атап өтті. Мысалы үшін, Солтүстік және Оңтүстік Америкада COVID-19 ауруы мен өлім көрсеткіші артса, ал Еуропада анықталған жағдайлардың саны азайып, керісінше, өлім көрсеткіші жоғары деңгейде.


Витаминдер COVID кезінде көмектесе ме? Дәрігер жауап берді


 

Ақберен Амангелді
Сәрсенбі, 08 Қыркүйек, 2021 10:07
Талқылау