Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әлем чемпионының бапкері: Головкин бұрынғыдай мықты емес, ол көп соққы жібереді

WBC тұжырымы бойынша екінші орта салмақта  әлем чемпионы америкалық Давид Бенавидестің бапкері Алекс Азиз Головкиннің қарсылас таңдаудағы шешімін сынады.

Геннадий Головкин

Бұл туралы Vesti.kz басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Алекс Азиздің пікірінше, Головкиннің мықты боксшылармен жекпе-жекке шығуға мүмкіндігі болғанымен, ол әдейі өзінен әлсіз қарсыласты таңдаған. Бұл ретте бапкер қазақстандық боксшының жекпе-жекке 2 апта қалғанда екі жыл бойы жұдырықтаспаған боксшыны таңдағанын алға тартты.

«Ванес ешқашан 154 фунтта (бірінші орта салмақ) жұдырықтасып көрмеген. Ол 154 фунтқа оңай ауысты. Егер өзіңді P4P реитингінде бірінші тұрғаныңды көргің келсе, мұндай қарсыластарды таңдауға болмайды. Головкин әрдайым былай дейді: «Бұл оңай. Сізге бар керегі бізге хабарласу. Жекпе-жек өткіземіз». Біз солай істедік, алайда жекпе-жек болмады. Қарсыластарды бұлай таңдауға болмайды. Жекпе-жекке екі апта қалғанда келісіп, екі жыл бойы жұдырықтаспаған адамға қарсы шығудың не керегі бар?» – дейді бапкер.

Сондай-ақ, ол Головкиннің бұрынғыдай мықты емес екенін және оған тәжірибелі әрі білімді команда керек екенін айтты.

“Головкин бұрынғыдағыдай мықты емес. Ол көп соққы жібереді, бұл жаттығудың көрсеткіші. Абель Санчес ескі мектептің бапкері, бірақ ғалым емес. Головкин дәл Мэнни Пакьо секілді құбылып жатыр. Боксшының спорттық мансабындағы соңғы жылдары тәжірибелі әрі білімді команда қажет”, – дейді Азиз.

Оқи отырыңыз:

Қазақстандық регбишілер Азия чемпионатының ақтық кезеңіне жолдама алды

Головкин мен «Канелоның» қарымта кездесуіне қатысты келіссөздер жүргізіле бастады

Ақжүрек Таңатаров басшылық қызметке тағайындалды

Шымкенттен сәлем: Қазақстандық студент футболдан 2018 жылғы әлем кубогында ерікті болмақ

Талқылау