Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әлем чемпионы Наталья Богданова өзіне қымбат көлік сатып алды

БоксшыФото: instagram.com/bogdanova__99

World Boxing ұйымдастыруымен өткен әлем чемпионатында топ жарған боксшы Наталья Богданова өзіне жаңа көлік – Toyota Land Cruiser сатып алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялап, қуанышымен бөлісті.

"Мен көлік сатып алдым! Бұл көлікті мен бостан бос сатып алған жоқпын. Өз-өзіме еңбегіме, талпынысыма және арманға деген сеніміме берілген сый. Жолым оңай болған жоқ: күмәнданған, қиналған сәттерім көп болды. Бірақ берілмедім. Әрбір қадам, әрбір кішігірім жеңіс мені осы күнге жеткізді. Бүгін қолымда еңбектің және өзіме деген сенімнің символы тұр. Арманым орындалды. Құттықтап, жылы сөз айтқандардың бәріне алғыс айтамын – жақсыл сөз бен лебіздеріңіз шабыт береді. Бұл көлік жаңа бастамалардың, үлкен жетістіктердің жолын ашсын. Әр сапар бәрі мүмкін екенін еске салсын", – деп жазды боксшы.

Айта кетейік, Наталья Богданова биыл наурызда Ниш қаласында өткен IBA әлем чемпионатында қола медаль иеленген. Ал Ливерпульде World Boxing ұйымдастырған әлем чемпионатында 70 келі салмақта ел намысын қорғап, алтын медаль жеңіп алды. 2022 жылы Азия ойындарында қола жүлде еншілеген.

Ақерке Өмірхан
Сейсенбі, 02 Желтоқсан, 2025 18:34