Әлем чемпионатының екінші күнінде белдескен балуандардың бәрі ұтылды
Әбу-Даби қаласында өтіп жатқан дзюдодан әлем чемпионатының екінші күнінде күрескен балуандарымыздың бәрі жеңіліп қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Әлем чемпионатының екінші жарыс күнінде татамиге шыққан төрт балуанымыз да бірінші белдесуден өте алмады. 66 келідегі Ғұсман Қырғызбаев израильдік Тал Фликрден жеңілсе, осы салмақтағы жас балуан Жанарыс Рахметқали франциялық Валид Хиярдан өте алмады. 73 келідегі Бақытжан Әбдурахманов германиялық Игорь Вандткеден ұтылса, Данияр Шамшаев әзірбайжандық Әділ Османовқа қарсы айла көрсете алмады.
Сондай-ақ 57 келідегі Бақыт Құсақбаева да түркиялық қарсыласына жол берді. Осылайша, екінші жарыс күнінде қазақстандық дзюдошылар жүлде ауылына жақындай алмады.
Айта кетейк, кеше Абиба Әбужақынова (48 келі) қола жүлдегер атанса, Елдос Сметов (60 келі) бесінші орыннан көрінген еді.
Талқылау

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
Басқа қыздар да басынан өткен ұқсас оқиғаларды баяндады

"Қуыршақ секілді тістеп ары-бері сүйреді": Алматы облысында 10 жасар баланы иттер талап, сан еті мен құлағын жұлып алған
Екатерина істі сотқа жеткізіп, медициналық анықтамаларды жинап, кейін прокуратураға шағымданбақ