Емдеудің жаңа әдісі бүлдіршінге обыр дертінен айығып шығуға көмектесті (фото)
Лейкоз ауруына шалдыққан 6 жасар Эрин Крест медицинадағы жаңа әдіс – генді терапиядан кейін жазылып кетті. Лимфолейкоз дертіне шалдыққан оған әлемде алғаш болып әдістің жаңа түрі қолданылды. Бүгінде ауруынан айыққан Эрин барлық қатарластары секілді ойын баласына айналды.
Бұл туралы Mirror басылымы жазды.
Шілде айында жергілікті телеарналардың бірінде Эрин Крестке көмек көрсету туралы ақпарат тарады. Қайырымды жандардың көмегімен оның еміне 100 000 фунт стерлинг жиналды. Содан кейін Эрин ата-анасы Сара мен Энтони Кросспен бірге Сиэтлге аттанды. Онда бүлдіршінге генді терапия әдісі бойынша ем-дом шаралары жасалды.
Ал сиэтлдік дәрігерлер Эриннің денсаулық жағдайының жақсарғанын, обыр дертінен толықтай айыққанын айтқан. Соның арқасында 28 желтоқсан күні Манчестердегі корольдік емханада бүлдіршінге сүйек кемігі ауыстырылады. Бұл ота алдағы уақытта лейкозды қайта болдырмау үшін қажет.
Қуанышы қойнына сыймаған Эриннің анасы Сара:
«Ауруханадан хабарласып, обыр жасушалырының толықтай жойылғанын айтты. Өз құлағымызға өзіміз сене алмадық. Себебі обыр дертінен айығып шығу оңай емес. Қазір қызым барлық 6 жастағы балалар секілді жүгіріп жүр. Жасушалық Т терапиясының оңды нәтиже көрсететінін білгем. Себебі химиотерапиядан пайда жоқ. Барша жандарға алғыс білдіргім келеді», – деді.
Ата-анасы Эриннің денсаулығының жақсарғанын білген сәтте қуаныштан көздеріне жас алғандарын жасырмады. Айтуларынша, қыздары соңғы 4 жылдан бері аурудан көз ашпаған.
Телеарна эфиріне шыққан кезде Сара Эринді дүниеге әкелу үшін қандай қиыншылықтарға тап болғанын ашып айтты. Сәби сүю үшін Сара ЭКО-ның 7 түрлі ем-дом кезеңін бастан өткергенін әңгімелеп берді.
АМҚ (аурудың минималды қалдығы) емдеу шараларынан кейін адамның сүйек кемігінде қалып қоятын лейкоздық жасушалар. Дәл осы жасушалардың кесірінен біраз уақыттан кейін ауру қайтадан өз белгілерін беруі мүмкін.
Бұл орайда Эриннің жолы болған деуге болады. АҚШ-тан хабарласқан дәрігерлер бүлдіршіннің қанында аталған жасушалардың қалдығы қалмағанын, тіпті, оның денесінде лейкемияның бірде-бір белгісі жоқ екенін айтқан.
«Ғажап», – деп атап өтті Сара.
Жіберіп алмаңыз:
Күтушісі сәбиді басымен құлатты және ол көз жұмды
Обыр дертіне шалдыққан жеткіншек маникюр жасап миллион доллар жинап алды
Cәби 41 күн өмір сүрді, бірақ 2 адамның өмірін құтқарды
Айықпас дертке шалдыққан күйеужігіт үйленгеннен кейін 36 сағаттан соң көз жұмды (видео)