Алексей Цой дәрігерлерді жұмыстан шығарамын деп қорқытқаны рас па: Министрліктегілер жауап берді

Денсаулық сақтау министрлік өкілдері ведомствоның жаңа басшысы Алексей Цой әлеуметтік желілердегі негатив үшін бас дәрігерлер мен денсаулық сақтау басқармаларының басшыларын жұмыстан босататыны туралы ақпаратты жоққа шығарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

минздрав

Мұндай ақпараттар WhatsApp чаттарында кеңінен тараған. Дау-дамай тудырған ақпаратта Алексей Цой селекторлық кеңес өткізіп, онда бас дәрігерлер мен денсаулық сақтау басқармаларының басшыларын әлеуметтік желілердегі негатив үшін жұмыстан босататынын айтып қорқытқаны келтірілген.

"Денсаулық сақтау министрлігі бұл ақпараттың жалған екенін ресми түрде хабарлайды. Құрметті азаматтар, сіздерден әлеуметтік желілерде тараған жалған ақпаратқа ермеуді және тек ресми дереккөздерге сенім артуды сұраймыз", - деп министрлік өкілі хабарламаға түсініктеме берді.

Сондай-ақ, ведомствода жалған ақпарат таратқаны үшін кінәлілер қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін екенін ескертті.

Естеріңізге сала кетейік, Алексей Цой 25 маусымда денсаулық сақтау министрі болды. 

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр