Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Александр Винокуров Ниццада өткен Ironman 70.3 веложарысында чемпион атанды

Қазақстандық "Астана" велокомандасының бас менеджері Александр Винокуров Ниццада өткен Ironman 70.3 жарысында өз жас тобында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Prosports.kz сайтына сілтеме жасап.

винокуров

Винокуров жүзуден, жүгіруден және велосипедпен жүріп өтуге тиіс қашықтықты 4 сағат 55 минут 22 секундта бағындырды.

"Отыз жылдың ішінде Қазақстан мен біздің халқымыз үлкен қиындықтарды бастан өткерді. Сондай-ақ үлкен күш-жігердің арқасында тиісті нәтижелерге жете алған. Бүгінгі сайыстағы жеңісімді Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арнаймын", – деп жазды Винокуров өзінің Instagram парақшасында.


Александр Винокуров: Қызметімнен шеттетілгенінімді естіп, абдырап қалдым, велоспорт өмірімнің ең ажырамас бөлігі еді


Айта кетейік, Александр Винокуров – қазақстандық кәсіби велошабандоз. Ол "Вуэльта Испания 2006" сайысының жеңімпазы және 2012 жылғы топтық жарыста Олимпиада ойыдарының чемпионы.


Александр Винокуров Астана велокомандасындағы қызметіне қайта оралады


 

Талқылау