Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Алдымнан шыға береді": Ләйлә Сұлтанқызының жақындары жаппай коронавирус жұқтырды

Ләйлә Сұлтанқызы жақындарының жаппай коронавирус жұқтырғанын хабарлады. Тележүргізушінің айтуынша, вакцина салдырған анасы мен інісі ғана дерттен аман қалған, деп жазады Stan.kz.

Ләйлә Сұлтанқызы ковидтен құтылудың жалғыз жолы – вакцина деп біледі. Тележүргізуші шілде айында Hayat-Vax екпесін салдырған. Ал бүгінде Ләйлә Сұлтанқызының жақындары жаппай коронавирус жұқтырып отыр. 

"Бұл тақырыпты енді қозғағым келмесе де алдымнан шыға береді. Алысқа барып қайтем. Өзімнің жақындарым ауырып жатыр. COVID-19.
Бұл аурудан құтыла алмаймыз-ау мына түрімізбен. Жеңгем мен інім үй ішімен ауырып қалды. Тек мамам мен ағамның үлкен ұлы (20 жаста) ғана аман-сау. Өйткені олар вакцина салдырған.


Сатурация дегеніміз не?

Інімде аллергия бар, жеңгем бала емізеді, қалғандары 18-ге толмаған. “Енді осыдан сауығып шықсақ, денсаулықты толық тексертіп барып, вакцина аламыз” деп отыр. Ауырып жатқандарға Алла шипасын берсін! Тезірек жазылып кетсін!

Қазір өзім де ковидтан кейін, деннің саулығы үшін күнара тренировка жасайтын болдым", – деп жазды Сұлтанқызы Instagram-ағы парақшасында.

Назгүл Әбушәріпқызы
Сейсенбі, 31 Тамыз, 2021 09:43
Талқылау