Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алдағы үш күнде Қазақстанның басым бөлігінде күн күркіреп, жаңбыр жауады

«Қазгидромет» синоптиктері 2020 жылдың 6-8 тамызына арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Солтүстік-батыста қатты жаңбыр жауып, еліміздің басым бөлігінде жаңбыр күтіледі. 

"Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы күтіледі. Барлық дерлік жерде найзағаймен жаңбыр жауады, батыста және солтүстік-батыста қатты жаңбыр жауады. Дауыл, бұршақ түсуі мүмкін. Тек еліміздің оңтүстік-шығысында ауа райы жауын-шашынсыз болады, ал Қазақстанның солтүстігі мен орталығында алдағы тәулікте ғана жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша кей жерлерде жел күшейеді, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста шаңды дауыл тұрады", - деп хабарлайды Қазгидромет

STAN.KZ
Сәрсенбі, 05 Тамыз, 2020 14:20
Талқылау