Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алдағы күндері Қазақстанда ауа райы күрт өзгереді

Фото: istockphoto.com

Қазгидромет мамандары Қазақстан бойынша 4, 5 және 6 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Синоптиктердің мәліметінше сәйкес, қысым жүйелерінің, циклондар мен антициклондардың ауысуы салдарынан Қазақстандағы қолайлы ауа райы жаңбырлы ауа райына ауысады.

“Жаңбыр жауады жеп болжанады, кейбір аймақтарда найзағай ойнайды. 4 сәуірде солтүстік-батыста, 5–6 сәуірде батыста, ал 5 сәуірде елдің оңтүстігінде кей жерлерде нөсер жаңбыр жауады”, – делінген хабарламада. 

Қазақстан бойынша жел күшейіп, түнгі және таңғы сағаттарда тұман түседі, күндіз кей аймақтарда бұршақ жауып, дауылды жел болады деп болжанады.


Қазақстанда 2026 жылғы көктем мен жаз қандай болады: Ауа райынан не күтеміз


Қазақстанның бірқатар аймағында күндізгі ауа температурасы өзгереді:

- елдің батысында температура 15–25 градустан 10–20 градусқа дейін төмендейді;

- солтүстікте 11–20 градустан 15–20 градусқа дейін көтеріледі;

- шығыста 15–23 градустан 20–28 градусқа дейін көтеріледі.

Еске салсақ, бұған дейін синоптиктер Қазақстан бойынша сәуір айына арналған консультативтік ауа райы болжамын ұсынған еді.

Дана Русланқызы
Жұма, 03 Сәуір, 2026 22:54