AAPL
143.78 $
2.32 %
TSLA
707.73 $
7.43 %
NDAQ
150.93 $
2.33 %
GOOGL
2155.85 $
1.88 %
FRHC
41.25 $
2.79 %
AAPL
143.78 $
2.32 %
TSLA
707.73 $
7.43 %
NDAQ
150.93 $
2.33 %
GOOGL
2155.85 $
1.88 %
FRHC
41.25 $
2.79 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Альберт Линдердің қазасына қатысты тергеу қайта жалғасты

Ауыр атлетші Альберт Линдердің қазасына байланысты өзін-өзі өлтіруге итермелеу ісі бойынша тергеу қайта жалғасты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы Альберттің анасы Sputnik Қазақстанға айтқан.

Бұған дейін тергеу 2021 жылдың қарашасында істе қылмыстық құқық бұзушылықтың болмауына байланысты тоқтатылған еді. 

Сонымен қатар бас бапкер Сергей Седовқа қатысты жала жабу ісі де (2021 жылдың қыркүйегінде Альбер Линдердің допингін қаралау туралы БАҚ-қа берген сұхбаты бойынша) 2022 жылдың 7 ақпанында тоқтатылды, деп қосқан Наталья Линдер.

"Сот отырысында маған жала жабу ісінің мерзімінің өтіп кетуіне байланысты жабылатынын және 3 ақпанда (өзін-өзі өлтіруге итермелеу) қылмыстық іс қозғалғанын айтты", – деді әйел.



Альберт Линдердің қазасы мен ауыр атлетикадағы жанжал

Қазақстандық ауыр атлет, Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы және Азия чемпионы Альберт Линдердің қайтыс болғаны 17 қыркүйекте белгілі болды. Ол 25 жаста еді. Спортшы өз өзіне қол жұмсаған. 2021 жылғы қазақстандық ауыр атлетикадағы жанжалдың көпшіліктің назарына шығуына Альберт Линдердің өлімі және одан кейінгі оқиғалар себеп болды. Күрделі шаралар қабылдаудың шешуші себебі спортшылардың, бапкерлердің, сондай-ақ Альберт Линдердің туыстарының тарапынан түскен өтініштер болды.

Министрдің оқиға араласуынан кейін жаттықтырушылар штабының өрескел заңбұзушылықтары анықталып, ұлттық құраманың бас бапкері Бақыт Ахметов, бас бапкер Сергей Седов және басқа да қызметкерлер жұмыстан шеттетілді.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр