Алаяқтарға алданып қалған Нұрғали Нүсіпжановқа кәсіпкер пәтер сыйлады
Фото: Ашық дереккөзден алынды
Алаяқтарға алданып, пәтер жағалап қалған әнші Нұрғали Нүсіпжановқа астаналық кәсіпкер пәтер сыйлады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Досымжан Таңатаровтың концертінде халық әртісіне тосынсый жасалып, пәтердің кілті табысталды.
"Біздің елдің жігіттері жігіттердің төресі. Досымжан Таңатаровтың концертінде ән салған Нұрғали Нүсіпжановқа астаналық кәсіпкер екі бөлмелі пәтер сыйлады. Зал тік тұрып қол соқты. Нұрғали аға Досымжанға ырымдап өз шапанын жапты, ал Досымжан пәтер сыйлаған жігітке үстіндегі шапанын кигізіп жіберді. Қандай әдемі дәстүр, иә", – деп жазды журналист Айнұр Омар.
-
Әнші Нұрғали Нүсіпжанов 88 жасқа толды
-
"Көзі мен қасын өзгерткен": Нұрғали Нүсіпжановтың сырт келбеті қызу талқыға түсті
Еске салайық, Роза Әлқожа халық әртісі Нұрғали Нүсіпжановтың алаяқтарға алданып қалғанын айтқан еді.
“Аға жер үй сатып алсам деп жинаған бар ақшасын Шәуілдірден келген бір алаяққа беріп, енді соны ала алмай пәтерде жүр екен…”, – деп жазған еді әнші.

“Партизан болған, 400-ден астам жаралы сарбазды құтқарған”: Екінші дүниежүзілік соғыста ерлік көрсеткен қазақ қыздары кімдер
