Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алаяқтар астаналықты қаланың қақ ортасында "iPhone беремін" деп алдап кетті (видео)

Алаяқтар көшенің қақ ортасында алдап кетті

Фото: Видеодан скрин

Астанада алаяқтар ер адамға iPhone ұтып алуды ұсынып, байқау талаптарын түсіндірген. Алайда азамат жеңімпаз атанса да оған уәде еткен жүлдесін бермеген. Бұл туралы Stan.kzақпарат агенттігі хабарлайды. 

Ер адам Нұржол бульварында келе жатқанда бір топ жас тоқтатып, ұтысқа қатысуды ұсынған. жақында Водно-зелёный бульварында оған бір топ жас жігіт жақындап, байқауға қатысуды ұсынған. Олар “Байқауға қатысасыз ба? 1 терабайттық iPhone ұтып алыңыз!” деген. Болған жағдайды ер адамның әйелі телефонға түсіріп тұрған. Бейнежазбадан бір топ жігіттің ұтыс талаптарын түсіндіріп жатқанын көруге болады. 

Ер адам үш пакеттің бірін таңдап, 20 мың теңге төлек керек. Қай пакетте iPhone телефоны барын тауып, таңдасаң смартфонды ұтып аласың. Таппасаң, ауа сергіткіш секілді ұсақ-түйек сыйлықтар аласың.

Жәбірленушінің айтуынша, ол телефоны бар пакетті таңдап, ұтқан. Бірақ ұтыс ұйымдастырушылар сол сәтте жаңа ережелер ойлап тауып, алаяқтардың біреуі тіпті пакеттердің орнын ауыстырып тастаған. 

“Мен дұрыс таптым. Интуициям алдамады. iPhone мен таңдаған пакеттің ішінде екен. Сол сәтте "қойылым" басталды. “Микрофонсыз болмайды”, “Бұл ережеге сәйкес емес”, “Біз міндетті түрде беруге тиісті емеспіз” деген сылтаулар айтыла бастады”, – деп жазды автор.

Астана қалалық полиция департаменті бұл жағдайға байланысты түсініктеме беріп, Есіл ауданының полиция басқармасы бірнеше адам бірігіп жасаған алаяқтық бойынша сотқа дейінгі тергеу бастағанын мәлімдеді. Мұндай іс елде қылмыстық құқықбұзушылық болып саналады.

Егер күдіктілердің кінәсі дәлелденсе, оларға 4 мың айлық есептік көрсеткішке дейін (2025 жылы бұл шамамен 15,7 миллион теңге) айыппұл салынуы мүмкін немесе 4 жылға дейін сотталуы ықтимал. Тағайындалатын жаза құқықбұзушылықтың ауырлығына байланысты болмақ.

Полиция қазір тергеу және жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатқанын айтты.

 

Айым Болатқызы
Жұма, 01 Тамыз, 2025 17:44
Талқылау
`