Әкесі ақша үшін кішкентай қызын жалаңаш суретке түсірген
Испандық ерлі-зайыптының қызының еміне жиналған қаржыны өз қажетіне жаратқаны анықталған еді. Енді олар қызына зорлық көрсеткен болуы мүмкін деп күдіктеліп жатыр.
Күйеуі Фернандо Бланко мен әйелі Марга Грау былтырғы жылдың желтоқсан айында алаяқтығы үшін құрықталған болатын. Олар қызын сирек кездесетін дертпен ауырғаны үшін шетелде ота жасатуға керек деп қаражат жинаған.
Олар барлығы 600 мың евро жинап, оған 32 қымбат сағат алған.
Енді әкесінің компьютерінен қызының жалаңаш суреті табылғандықтан ол қызын сексуалды сипаттағы зорлыққа мәжбүрлеуі мүмкін деген күдікке түсті.
Қазіргі уақытта Фернандо Бланко қамауда. Әйелі кепілмен босатылды. Бірақ ол ата-ана құқығынан айырылды. Сот 2017 жылдың 13 қаңтарында өтеді.
Жіберіп алмаңыз:
Әйел адам ата-анасы бас тартқан сәбиді ұрлап кеткен
Ер адамды сақтанбай жыныстық қатынаспен айналысқаны үшін соттады
Ит шамамен 200 мың теңге тұратын сырғаны жұтып қойды
Бүгінгі күннің суреті: Қарағанды тұрғыны жаңа туған сәбиін мұздай суға шомылдырды