“Алау” тобының “Гүл әпше” әні ұрланған болып шықты (видео)
Продюсер Баян Есентаеваның жаңа жобасы, өнер әлеміне енді ғана аяқ басқан "Алау" тобының жаңа әндері ұрланған болып шықты.
Интернет желісіне кеше ғана салынған жаңа бейнебаянға тыңдармандар әрқилы пікір қалдырған еді. Басым көпшілігі нағыз тойға арнап жазылған ән деп сынаған болатын. Алайда, Youtube бейне порталы ақиқатты жасырып қала алмады. Бұл әнді сонау 30-шы жылдары Румынияда Мария Лэтэрэцу шырқаған екен. Бұл танымал әнді кейін де заманға сай жаңғыртып бірнеше топ пен жекелеген әншілер де орындаған. Ал төрт жігіттен құралған "Алау" тобы көңілді ырғақты әнді "Шымкент қыздарына арнап" ұсынған еді.Талқылау