Alatau City Bank мерекелерге орай бонустарды екі есе көбейтеді

Alatau City Bank картасымен мерекелік сатып алулар одан да тиімді бола түседі – белгілі бір санаттар бойынша төлем жасағаны үшін екі еселенген бонустар есептеледі.
Банктің бейілдік бағдарламасында бонустардың үш деңгейі қарастырылған, әр деңгейде 20%-ға дейін жоғары бонустары бар санаттарды таңдауға болады. Мереке күндері Банк қосымша екі еселенген бонустары бар бірнеше санатты белгілейді. Бұл бонустарды барлық клиенттердің алуына болады, тіпті бұл санаттарды жоғары бонусты санат ретінде таңдамаса да бонус есептеледі.
Мысалы, 8 наурызда "Кафе мен мейрамханалар" санатындағы сатып алулар үшін бонус 3%-дан 6%-ға дейін ұлғаяды. Ал сұлулық салондарында, косметика дүкендерінде және "Фитнес және СПА" санатындағы орындарда 5%-дан 10%-ға дейін артады. Сондай-ақ 21-23 наурыз аралығында Наурыз мерекесі күндері "Супермаркеттер" және "Саяхат" санаттары бойынша сатып алулар үшін әдеттегі 3%-дың орнына 6% бонус алуға болады.
Қосымшада бонустар бойынша талдамасы бар бөлім пайда болды – онда сатып алулардың қай санаттарда жасалғанын және қанша бонус түскенін көруге болады. Бонустарды жұмсау тәсілдері де қолжетімді: қосымша арқылы қызметтерге ақы төлеу және банктің POS-терминалдарында QR бойынша төлем жасау.
Тиімді сатып алулар – Alatau City Bank ұсынатын артықшылықтарының бір бөлігі ғана.
Банк командасы жақында жеке тұлғалар мен бизнес-клиенттер үшін пайдаланушы тәжірибесін зерттеу, тестілеу және нарықтың үздік тәжірибелері негізінде мобильді қосымшасын жаңартты.
Негізгі өзгертулер басты бетте жүзеге асырылды. Ең жиі жасалатын операцияларды орындауға арналған қадамдар саны орта есеппен үшке, ал жекелеген сценарийлерде төртке қысқарды. Енді "Маңызды оқиғалар" блогында негізгі төлемдер көрсетіледі, ал кредиттер мен коммуналдық қызметтер бойынша ескертулер басты экранға шығарылды. Сонымен қатар барлық кредиттерді бір батырма арқылы төлеу мүмкіндігі іске қосылды.
Неғұрлым "таза" интерфейске көшуден тұратын жаңа дизайн жүйе жұмысында айтарлықтай нәтиже берді. Бұл карталар мен көру трекингі тестілерінің деректері бойынша пайдаланушылар басты экраннан өздеріне қажет бөлімдерін орта есеппен 20%-ға жылдамырақ таба бастады. Дербестендіруге деген сұраныс та жоғары: 61 мыңнан астам пайдаланушы карталарға арналған қолжетімді скиндердің бірін таңдады.
Өзгертулер бизнеске арналған мобильді қосымшаға да енгізілді. Онда "Сервистер", "Операциялар" және "Профиль" бөлімдері жаңартылды: құрылым анағұрлым ұтымды, навигация оңай, ал профиль баптаулармен толықтырылып, ыңғайлы бола түсті.
Онлайн түрде Alatau City Bank клиенті бола аласыз – қосымшаны жүктеп алып, карта ашсаңыз болғаны.
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі банктік және өзге де операцияларды жүргізуге берген 18.07.2025 ж. № 1.1.35 лицензиясы
"1,5 келілік сәби жансақтау бөлімінде": Таиландқа демалуға барып, босанып қалған қазақстандық әйел елден көмек сұрады