Алакөлде үрмелі шарда отырған баланы жел көл ортасына алып кеткен (видео)
Видеодан скрин
Алакөлде ішінде бала ойнап жүрген үрмелі шарды қатты жел көл ортасына алып кеткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Шығыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің мәліметінше, баланы демалыста жүрген полицей құтқарып қалған.
Белгілі болғандай, алты жасар бала ұзын арқанмен бекітілген үлкен үрлемелі шардың ішінде ойнап жүрген. Арқанды баланың атасы ұстап тұрған, алайда қатты желдің әсерінен ол арқанды қолынан шығарып алып, жел бала отырған шарды жағадан алысқа алып кеткен.
"Алакөлде демалу қауіпті": Қазақстандық қоғам белсенділері танымал курорттағы жағдайды сынады
"Осы сәтте оқиға орнында отбасымен бірге демалыста жүрген полиция қызметкері, майор Талғат Оспанов болған. Ол еш ойланбастан шардың артынан жүзіп кеткен. Артынан баланың атасы мен әкесі де көмекке ұмтылған, бірақ бірінші болып балаға полиция қызметкері жеткен. Барлығының бірлескен күшімен бала аман-есен жағаға шығарылды", – делінген полиция хабарламасында.
Баланың анасы да жағалауда демалушылар көп болғанымен, көмекке бірінші болып полиция қызметкерінің келгенін атап өтті.
Еске салсақ, бұған дейін Алакөлде 63 жастағы әйелді қайық басып кеткені туралы жазған едік.

"11-15 жастағылардың үлесі 2 есе артқан": Шылым шегетін жастардың санын азайту үшін мемлекет қандай шаралар қабылдап жатыр
