Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Демалушылар ПТР тест тапсыруы керек: Алакөл мен Бурабайдың карантиннен кейін қалай жұмыс жасайтыны белгілі болды

ҚР МСМ туризм индустриясы комитетінің төрағасы Дастан Адайұлы Рыспеков карантиннен кейін Қазақстанның демалыс орындары қалай жұмыс жасайтыны туралы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ол онлайн брифинг барысында демалыс орындары қандай талаптар бойынша келуші қабылдайтыны туралы айтып берді. 

"Кейбір өңірлердегі демалыс орындарының қызметі шектелді. Атап айтқанда Шығыс Қазақстан облысы Алакөл көлі және Щучинск ауданы аймағындағы Бурабай демалыс орындарында демалушыларды қабылдамау туралы санитарлық дәрігерлердің қаулылары қабылданған болатын. Курорттық аймақтардағы орналасқан демалыс орындарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету және төленген броньдар бойынша ақшалай қаражаттарды қайтаруды болдырмау мақсатында, мәдениет және спорт министрлігі әкімдермен бірлесіп, кейбір толықтырулар енгізілді. Нәтижесінде Алматы облысы жағалауындағы Алакөл көлі және Бурабай курорттық аумағындағы орналасқан курорттық аймақтар бойынша келісімдерге қол жеткізілді", - дейді ол. 

Дастан Рыспековтың сөзінше, алдын ала тапсырыс беріп қойған демалушыларды блок-бекеттерден еркін өткізетін болады.



"Тиісті дайындық актілері бар. Демалыс орындарында арнайы броньдар арқылы келуші қабылдау рұқсат етілді. Алакөл аумағында отбасы мүшесінің біреуі ПТР тест тапсыруы шарт етіледі. Блок-бекеттерден тек қана алдын ала бронь қойылғаны туралы құжат болған кезде ғана өткізуге рұқсат етіледі. Әлеуметтік қашықтықты сақтау, маска режимі және өзге де санитарлық талаптарды қатаң сақтауларыңызды сұраймыз. Егер кәсіпкерлер мен азаматтар барлық санитарлық талаптарды сақтайтын болса, демалуға рұқсат етіледі", - дейді Дастан Рыспеков.

Сонымен қатар, ол қандай жағдайда ПТР тест тапсыруға міндеттелетіні туралы айтты.

"ПТР тестілеу тек Алакөлдің Шығыс қазақстан облысы жағалауында демалатын адамдар үшін ғана міндетті болмақ. Ал басқа туристік орындар ПТР тест талап етпейді", - дейді Дастан Рыспеков. 

STAN.KZ
Сейсенбі, 28 Шілде, 2020 15:37
Талқылау