Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкенттің Әл-Фараби ауданында биыл 29 спорт алаңшасы салынады

Шымкент қаласындағы Әл-Фараби ауданында биыл 29 спорт алаңшасы салынады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Мемлекет басшысының барлық жастағы ел азаматтары арасында бұқаралық спортты дамыту жөніндегі тапсырмасына сәйкес Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданында заманауи 29 спорт алаңшасы салынады деп жоспарлануда.

Ашық спорт алаңшаларының 4-і меценат Серік Түлбасовтің жеке қоры есебінен салынып жатса, қалған 25-і бюджет қаржысынан салынатын болады.

Қазіргі таңда, демеуші есебінен салынып жатқан Қалдаяқов көшесі №4/5, Әлімбетов көшесі 45в, "Отырар" ш/а., №52 және "Текесу" тұрғын алабындағы спорт алаңшалары халық игілігне пайдалануға берілді. Қалған аулалар жыл соңына дейін салынып, пайдалануға берілетін болады

Дана Русланқызы
Сейсенбі, 17 Тамыз, 2021 16:14
Талқылау