Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Араб тілі апталығының ашылу салтанаты өтті

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Араб тілі апталығының ашылу салтанаты өтті

11 қараша күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Сұлтан ибн Абдулазиз Әл Саудтың халықаралық тілдік дайындық бағдарламасы аясында “Араб тілі апталығы: Орталық Азияда/Қазақстанда” халықаралық апталығының ашылу салтанаты өтті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Сұлтан ибн Абдулазиз Әл Сауд қайырымдылық қоры және білім, ғылым және мәдениет жөніндегі Ислам әлемі ұйымы (ИСЕСКО) ұйымдастырып отырған Араб тілі апталығы 11-14 қарашаға дейін созылады. 

Бұл жоба Қазақстан мен Ислам әлемі арасындағы ғылыми және мәдени ынтымақтастықты тереңдетіп, араб тілін рухани және ғылыми интеграцияның маңызды құралы ретінде дамытуға бағытталған.

Ашылу салтанатының алдында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Жансейіт Түймебаев Қазақстанда ИСЕСКО-ның өңірлік орталығын ашу туралы ұсыныс білдірді.

Сұлтан бен Абдулазиз Әл Сауд қайырымдылық қорының бас директорының орынбасары Абдулазиз әл-Мақуши Сауд Арабиясының гуманитарлық ғылымдарға бағытталған көптеген оқу орындарының арасында өзіндік орны барын атап өтті.

“Сұлтан бен Абдулазиз Әл Сауд қайырымдылық қоры көп жылдан бері ана тілі араб еместерге арналған оқытушыларға және шәкірттерге бағытталған көптеген бағдарламалар ұсынып жүр. Араб тілі өркениетті мемлекеттер арасындағы байланыс тілі болғандықтан осылай ерекше көңіл бөліп отырмыз”, – деді Абдулазиз әл-Мақуши.

Алдағы уақытта ИСЕСКО ұйымының жетекші сарапшылары семинарлар мен шеберлік сабақтарын өткізеді. Талқылауларда араб тілін оқытудағы инновациялық әдістер, исламтану және дінтану саласындағы ғылыми коммуникациялар, сондай-ақ араб тілінің мәдени және рухани құндылықтарды жеткізудегі рөлі қарастырылады.

Айым Болатқызы
Сейсенбі, 11 Қараша, 2025 17:34
Талқылау