Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Жаназада отырғандай не болды сонша?” Тойында ағыл-тегіл жылаған блогер көпке жақпай қалды

Ақжарқын Жомартова тойда жылап отырФото: Видеодан скриншот

Желіде атышулы “Қалаулым” бағдарламасының бұрынғы қатысушысы, блогер Ақжарқын Жомартованың өз тойында ағыл-тегіл жылап отырған сәтінің видеосы қызу талқыға түсті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жақында Ақжарқын Жомартова күйеуге шыққан еді, ал тойда түсірілген видео оның жеке парақшасында жарияланды. Видео қазірдің өзінде 2,7 миллион қаралым жинаған. 

Блогердің әкесі жарты жыл бұрын өмірден озған. Қызы оның видео қалдырғанын той үстінде білген екен. Кадрларда әкесі “Дос-Мұқасан” әнін қызына арнайды, жүрекжарды тілегін білдіріп, әкелік батасын береді. Сондай-ақ олардың бірге өткізген жылы сәттерінен де видеолар енгізілген.

“Әке. Соңғы видео жайла білмегенмін! Өзімді әрең ұстадым. Сағындым сізді”, – деп жазған ол.

Блогердің видеодағы әкесіне реакциясы желі қолданушыларының арасында екіұдай пікір қалыптастырды. Қолданушылардың бір тобы блогерді әкесінен айырылғандар ғана түсінетінін айтып, оған қолдау білдірген.

“Басынан өтпегендер түсінбейді. Аллам жақындарымызға ұзақ ғұмыр берсін”, “Ол ұзақ уақыт бойы мықты болды, енді ғана өзіне әлсіз болуға мұрша берді. Бұл үшін оны сөгу дұрыс емес”, “Оны іштегі өксік дейді, қай қыз тойында әкесінің болғанын қаламайды дейсіз?! Жүрек осылай қақ айырылады”, “Бұл көз жасты тек әкесін қатты жақсы көрген қыздар түсінеді, оңай емес. Сағыныш пен өкініш жылатады бәрібір”, – де жазған олар.

Ал енді бір тобы оның шектен шыққанын айтып, әрекетін жасандылыққа балады.

“Жаназада отырғандай не болды сонша? Жылағаны жасанды көрініп тұр. Әр нәрсенің өз орны болады, мынау тым артық әрі ерсі!”, “Ақжарқын актриса екен, әбден беті ашылып болған. Адам сабырмен өз-өзін ұстауы керек емес пе? Ыңғайсыз көрінеді екен”, “Мен де тойымда жылағанмын, бірақ дәл бұлай емес. Ақжарқын 30 жастан асқан қыз ғой. Оң-солын тани алатын жаста. Иә, тойда “Әттең, әкем қасымда болғанда ғой, тілек айтқанда ғой” деп көз алдыңа әкеңді елестетесің”, “Сұмдық, не болды сонша жаназада отырған сияқты. Тым артық кетіпсің. Қандай ерсі”, – деп жазған олар.

Айта кетейік, бұған дейін арбаға таңылған жігіттің үйлену тойы көптің жүрегін елжіреткені хабарланған еді.

Балнұр Рахматуллақызы
Жұма, 28 Қараша, 2025 12:12