Ақын Жүрсін Ерман шөберелі болды
Танымал ақын, Қазақстан айтыс ақындары мен жыршы термешілердің халықаралық одағының төрағасы Жүрсін Ерман шөберелі болды. Бұл туралы айтыс өнерінің дүлдүлі, 43 көлік ұтып, рекорд орнатқан ақын Аманжол Әлтаев жария етті, деп хабарлайды Stan.kz.
Аманжол Әлтаев Жүрсін Ерманның шөбересімен бірге түскен суретін жүктеп:
“Орал қаласында тұратын Жүрсін ағаның немересі Дарxанның үйінде болдық. Жүкең шөбересін иіскеп еміреніп тұрған сәті”, – деп халықтан сүйінші сұрады.
Ал желідегілер Жүрсін Ерманды құттықтап, шөбере көргеніне таңғалысып жатыр. Араларында бір қолымен сәбиді, екінші қолымен темекі ұстап тұрған ақынды сынағандар та табылды.
Жіберіп алмаңыз:
Атышулы “Ninety one” тобының әншісі домбырамен терме айтып, жұртты таңғалдырды (видео)
Баян Мақсатқызы: Көп бала тумағаныма өкінемін
Әйгілі BBC арнасы Димаш туралы хабар жасауға ниет танытты
Ерке “Қайда?” клипіне айнытпай пародия түсірген бүлдіршінге 100 мың теңге сыйламақ (видео)
Талқылау