"Ақуыз, май мен көмірсудың жетіспеуі иммунитетті төмендетеді": Есмағамбетова ораза ұстаушы қазақстандықтарға жүгінді
Мемлекеттік бас санитар дәрігер Айжан Есмағамбетова Рамазан айында ораза ұстаушыларға кеңесін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Брифингіде сөз алған бас санитар дәрігер ауыз бекітушілерге аздаған кеңесін айтты.
"Коронавирустың ауа арқылы жұғатынын тағы айтқым келеді. Тазалық сақтамағанда, түшкіргенде, жөтелгенде, қауіпті заттарды ұстағанда жұғады. Ал, Рамазан айында адамдар көп болып жиналады. Биылғы жыл біз үшін ерекше. Сондықтан Рамазан айының өзінде біз талаптарды сақтауымыз керек. Осы себепті денсаулық сақтау министрлігінің ұстанымымен топ болып жиналудан бас тартуға, ауызашар жасамауға, мешіттерге бармауға кеңес беріледі. Өзін-өзі оқшаулап, үйде отыру керек. Қандай да бір аурумен ауыратын және егде жастағы адамдар вирусты жұқтыруға бейім келеді. Ал, ағзада ақуыз, майлар, дәрумендер иммунитеттің төмендеуіне әкеледі", - деді Есмағамбетова.
Бас санитар дәрігердің айтуынша, ораза ұстаған адам дәруменге бай тағамдар жеп, иммунитетінің төмендемеуін ойлауы керек.
"Иммунитет төмендесе, адам ағзасы ауру жұқтыруға дайын тұрады. Сондықтан ораза ұстаушы адамдарға айтарымыз, құрамында ақуыз, май, дәрумен, көмірсулар бар тамақтар, көкөністер, жемістер, қуаты күшті тамақ жеуге кеңес береміз", - деді бас санитар дәрігер.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
