Емхана тексеріс жүргізіліп, нәтижесінде комплаенс-офицер анестезиолог-дәрігердің әрекетінен сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық анықталмаған.
“Этика комиссиясы К-ның әрекеттерінде тәртіптік теріс қылықтың белгілері бар деген қорытындыға келді. Сондықтан ол тәртіптік жауапкершілікке тартылуға тиіс. Сонымен қатар орталық қызметкерлері тарапынан дәрігерлік этика ережелерін бұзу фактілері анықталған жоқ. Этика комиссиясы орталық басшылығына қызметкерге тәртіптік жаза ретінде сөгіс жариялауды ұсынды”, – деп мәлімдеді медицина мекемесінде.
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова орталықта ішкі қызметтік тергеу жүргізілгенін растады.
“Дәрігер этикалық нормаларды сақтамағаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылуға тиіс. Анестезиолог дәрігер өз еркімен жұмыстан шығу туралы өтініш жазды. Арызы 22 тамыз күні қанағаттандырылды”, – деп атап өтті министр.
Сондай-ақ орталықта қызметкерлермен этикалық нормаларды қатаң сақтау қажеттілігі туралы жоспардан тыс профилактикалық әңгімелер өткізілген. Министрдің айтуынша, мекеме басшылығы заңдылықты бұзудың кез келген түріне қатысты принципті ұстанымда.
Еске салайық, актриса Айнұр Ильясова анасына Сызғанов атындағы орталық дәрігерінің қысым жасап, ақша талап еткенін айтып шағымданды.